Кентаулық жүргізуші мас халде қолға түсті

99

Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан болатын жол-апаттарының алдын алу мақсатында Кентау ҚПБ полицейлері қалада және оған қарасты барлық ауылдарда қараша айының 21-23 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараға Кентау ҚПБ Патрульдік полиция тобының 14 қызметкері жұмылдырылды.

Рейдтік іс-шара нәтижесінде жол жүру ережесін бұзған 76 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оның ішінде 1 жүргізушінің автокөлікті мас халде басқарғаны анықталып, құжаттары Кентау қалалық сотына жолданды. Және жүргізушілерге ескерту, жаднамалар таратылды.

Жол-көлік оқиғалары бүгінгі таңда үлкен мәселеге айналып отыр. Кейбір жүргізушілер өзінің және өзгеде жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін естен шығару салдарынан, жол-жүрісі ережесін бұзып жол-көлік оқиғасын жасауда. Сол себепті көлік жүргізушілері, Сіздерге полицейлер әрдайым ескертеді: Жолға шыққанда жылдамдықты шектес тыс асырмай, жол жүру ережелерін сақтап, маневр жасау ережелерін бұзбай, бір-біріңізге құрметпен қарап, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аударыңыздар. Сондай-ақ, автокөліктердің жазғы дөңгелектерін қысқы мезгіліне байланысты қайта жабдықтау қажет және тағы да жол қауіпсіздігін, әсіресе мұндай қолайсыз ауа райында абай болуды ескертеді.

Жол апатының себептерін зерделей келе, оның басты себебі- мас халде көлік басқару, жылдамдық режимін сақтамау, көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі, жаяу жүргіншілердің ереже бұзуымен қатар, тізбектей берсеккөптеген салдарлары бар екені анықталады. Сондықтан жолға шыққанда өз өміріңізбен қатар өзгенің де өмірін ойлап, жол-қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті екеніңізді ұмытпаңыз!

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі