Прокурорлар мектепке барды…

296

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 12 қараша күні Шымкент қаласындағы А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқытушылар, прокуратура қызметкерлері, ІІО ардагерлері мен Ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Қаратау ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы А.Тоқмағанбетов өзінің еңбек жолында болған қиыншылықтар мен қызықшылықтармен бөлісіп, оқушылармен әңгімелесу жүргізді. Сонымен қатар Шымкент қ. ПД-нің Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты А. Жаппарова баяндама оқыды.

Осы кездесуде Қаратау ауданы Полиция басқармасының ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Б.Асылбеков Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сөз соңынан мектептің негізін қалаушы Н.Сулайманов құрметті қонақтарға іс-шараға келгендері үшін алғысын білдірді.

Оқушылардың саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шаралардың жиі өтукізілуі қажет. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі