Шымкентте «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

166

Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.

Сағат таңғы 10:00 мен 13:00 аралығында Әділет департаментінің құрылымдық бөлімдерінің мамандары және нотариус пен адвокаттар азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі мемлекеттік жәрдем ақы алу, алимент өндіру, жерді заңдастыруға қатысты болды.

Серік Әлімқұлов, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы: «Бозарық елдімекенінен келген азамат «Бау-бақшалық жер кітапшасы» бар. Жері мен үйін заңдастыра алмай жүр. Меншік құқығын тану жөнінде сотқа жүгенеді. Атқарушы органдарға да жүгінуіне болады».

Шынар Оразова