Шымкентте ауыл шаруашылық көрмесі басталды

235

Бүгін Шымкенттегі «Көрме орталығында» «AgriTek Shymkent-2019» 8-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.

Көрмеде Қазақстанның, Кореяның, Қырғызстанның, Ресейдің, АҚШ-тың, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Түркияның және Өзбекстанның 50-ден астам экспоненттері алуышаруашылық техникасын және жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды және т.б. ұсынылады.

Көрмені «TNT Productions, LLC.» Халықаралық көрме компаниясы және оның Қазақстандағы әріптесі «TNT EXPO» ЖШС ұйымдастыруда. Сондай-ақ, шаруаларға пайдалы шараның өтуіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, «ҚАЗАГРО» ҰБХ АҚ, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Фермерлер одағы, Қазақстанның Құс өсірушілер одағы, Қазақстанның Жылыжайлар қауымдастығы қолдау көрсетуде.

Көрменің ресми серіктесі – «Қазагроқаржы» АҚ.
Көрме USAID CTJ жобасы: Шымкент қаласында 2019 жылғы 12-13 қарашада өтетін тоғызыншы ОА Сауда Форумымен ынтымақтастықта өтеді, форум тақырыбы – «Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялар және инвестициялар».

Көрме 15-қарашаға дейін жалғасады.