Жетісайда синтепон талшығы өндіріледі

71

Түркістан облысы Жетісай ауданында биылғы жылдың  8 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд 206,1 млн. теңгені құраған. Бұл 2018  жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 1 млрд 163,4 млн. теңгеге артық өндіріліп, жылдық межеленген жоспар 2,6%-ға артқанын көрсетіп отыр.

Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған.

Одан бөлек, Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Мәселен,  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетіп , оның ішінде  шаруа қожалықтар саны 10156,  дара кәсіпкерлер саны 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады.  Ал, жұмыс істеп  тұрғандарының саны – 14818  бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің  97% құрап отыр.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі