Ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінді

370

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне мемлекеттік қолдау және ветеринариялық шараларға облыстық бюджет есебінен 21 млрд. 460 млн. теңге бағытталуда. Асыл тұқымды мал басын сатып алуға, селекциялық және қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін 24 млн. теңге қаражат жұмсалмақ.

Бұдан бөлек, 7.8 мың бал ара ұясын және мал шаруашылығы өнімділігі  мен  сапасын арттыруды субсидиялауға 840 млн. теңге бағытталды. Минералды тыңайтқыштарды жеңілдетілген бағамен сатып алуға 3 500 млн. теңге көзделуде.

Отандық өнімдердің қатарын арттыру мақсатында сары май мен ірімшік өндіру үшін сүт өнімдерін субсидиялауға 600 млн. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 49 инвестициялық жобаларды іске асыруға 200 млн. теңге бағытталды.

Шынар Оразова