Шымкентте жылжымалы әлеуметтік дүкендер жұмысын бастады

151

Абай ауданына қарасты «Жаңа шаһар» базарының алдында ауыл шаруашылығы өнімдері әлеуметтік бағамен босатылуда.

Жылжымалы  дүкен-көліктерден картоптың бір келісі  75 – 90 теңге аралығында, пияз- 65 теңгеден, сәбіздің бір келісі – 90 теңгеден  сатылуда. Қызылшаны 110 теңге сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Сонымен қатар, азық-түлік жиынтығына енгізілген күріштің 1 келісі-250 теңгеге сатып ала аласыз. Әлеуметтік баға базардағы бағадан едәуір төмен. Әлеуметтік дүкендердің жұмыс істегендеріне бір жетіден асқан.

Шынар Оразова