Қазақстанда бензин қымбаттады

41
фото tengrinews.kz

Қазақстанда бензин қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазір «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станцияларында АИ-92 бензині 154 теңгеге жетті. Мұның алдында елордадағы жанармай құю станцияларында бұл бензин 152 теңге тұрған еді. «Колеса» мәліметінше, Sinooil бекеттерінде АИ-92 150 теңгеден сатылса, Helios пен Royal Petrol-да 149 теңгеден сатылып жатыр.

Әлеуметтік желіге жүктелген суреттерден кей жерлерде АИ-92-нің 158 теңгеге сатылып жатқанын байқауға болады.

Еске салайық, мұның алдында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин бензин акцизі 6 пайызға өсетінін айтқан еді.