Шымкентте биыл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда

118

Шымкентте инвесторларды қолдау және даму жобаларын тиімді іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылды. Аталған жоба елімізде авторлық әдістемесі бар «Евни групп» консалтингтік ұйымымен бірлесіп енгізілді.

Жоба 4 базалық бағытта яғни, «Адами капитал», «Инфрақұрылымды дамыту», «Кәсіпкерлік, индустрия және агроөнеркәсіп», «Мемлекеттік қызмет» салалары бойынша құны 213 млрд.теңгеге 387 жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде биыл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.