Úı ANONS Түркістанда 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Түркістанда 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Ауқымды инвестициялық жобалар Түркістан облысында қолға алынып, жүзеге асырылуда. Нәтижесінде биылдың өзінде 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өңірде өндірістік парктердің құрылысы бірнеше ауданда қатар жүріп жатыр. Айталық, Сауранда ондаған нысан бой көтерсе, Жетісайда инфрақұрылым тартылуда. Инвесторлармен келіссөздер қалай жүргізілуде?

Жоспарланған инвестициялық жобалар іске асса Түркістан облысында 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.  Жалпы аймақта жобаларды орындау үшін арнайы штаб жұмыс істейді. Онда өзекті мәселелермен қоса, инвестиция тарту және жаңа жоба үшін келіссөздер жүргізіледі.

Өндірістік парктер қай аудандарда қалай салынып жатыр? Мысалы, Сауран ауданында орналасқан 7 ауылдағы өндірістік парктерде 124 ғимараттың құрылысы басталған. Ал Жетісай ауданындағы паркке  инфрақұрылым желілері жүргізіліп жатыр. Оған қоса қолға алынған жобаларды орналастыру жұмыстары басталған. Өңірде өндірістік парктер үшін жер телімі енді бөлініп жатқан аудандар да бар.

«Мақтаарал ауданында өндірістік парк құратын жер нақтыланып, нысанның қабырғасын қалау жұмыстары басталды. Созақ ауданында өндірістік парк бос тұрған шағын кешен базасында құрылып, 3 жоба орналастырылды. Жуырда арнайы киімдер мен аяқ киім өндіретін «Созақ груп» ЖШС жобасы іске қосылды»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Жалпы облыста 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын өңірлік инвестициялық жобалар пулы нақтыланған еді.  Қазірге құны құны 500 миллион теңгеден асатын  122 жоба бекітілді.

Дилара Иса