Шымкент қаласында 2 жалған диплом анықталған

393

Шымкент қаласында 2 жалған диплом анықталған. Ал 13 диплом оны берген жоғарғы оқу орнының базасынан табылмаған. Бұл туралы Шымкент қаласы Білім саласын бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді.

2019 жылы жоғарғы білім алғаны туралы 384 құжатты тексеруге өтініш түскен. Оның 120-сы мектеп пен колледжді бітіргендігін растайтын құжат. Жоғарғы оқу орнының тарапынан берілген 264 дипломды тексергенде, оның 15-і негізсіз екені анықталыпты.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы Білім саласын бақылау департаментінің басшысы: «Жалпы осы ЖОО-ны бітірген 264 өтініштің ішінде келіп түскен биылғы жылы 15-нен бас тартылды. Яғни, 15 құжат негізсіз деп табылды».

Ал жалған құжатты берген мекемені сотқа беру, жауапқа тарту үшін Білім саласын бақылау департаментіне өтініш берген мекеме арыз-шағым түсіруі тиіс екен.

Меруерт Ахан