Шымкентте 140 мың отбасы баспанаға мұқтаж

145

 Шымкентте халық саны жыл санап өсіп келеді. Осыған байланысты баспана мәселесі де өзекті күйде қалып отыр.

Бүгінде шаһарда тұрғын үй кезегіне 140 мың азамат тіркелген. Оның ішінде 5 мыңы көпбалалы отбасылар. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің есептік жиынында айтылды.

Айтуынша, шаһарда биыл 227 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл 12 мыңнан астам азаматтың баспаналы болуына мүмкіндік береді екен. Құрылыс негізінен «Шымкент Сити», «Тұран», әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан салынады.

Былтыр құрылыс бойынша мегаполис республикада алғашқы үштіктің қатарында екен. Айта кетсек, 2019 жылы Шымкентте 524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында.

Жалпы өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды. Соның ішінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы, 242 халықтың әлсіз топтары, 904 жастар баспанамен қамтылды.

Мақпал Рысбаева