Түркістан қаласында баспана кезегінде тұрғандардың саны 10 мыңнан асқан.Қаланың іргесіндегі жаңа «Отырар» шағынауданындағы көпқабатты үйлерде былтыр 600 тұрғын қоныс тойын тойлаған. «Отырар» шағынауданындағы жаңа бесқабатты үйден баспаналы болғандардың бірі — Құттыкүл Төлегенова. Үш перзенттің анасы жұмыссыз. Қолында мүмкіндігі шектеулі баласы бар.
«Үш баламның ортаншысы туа біткен мүгедек. Балама бір бөлмелі пәтер берілді. Пәтер кезегінде 6 жыл тұрдық, алты жылда баспаналы болдық», — дейді Түркістан қаласындағы «Отырар» шағынауданының тұрғыны  Құттыгүл  Төлегенова.

Құрылысы қарқын алған шағынауданда пайдалануға берілген көпқабатты үйлердің инфрақұрылымы толық жүргізілген. Ауласында балалар және спорт алаңшалары салынған. Тұрғындар ортақ баспананың кіре берісі мен ауланың күтімін өз мойнына алған.

Бүгінде 10 мың 286 адам Түркістан қаласында баспана кезегінде тұрады. Олардың 2 мыңнан астамы көпбалалы отбасылар, 106-сы жетім, 4 мыңнан астамы әлеуеті әлсіз топқа жататындар. Қалғаны бюджеттік мекмелерде жұмыс істейтіндер.

Былтыр 600 пәтер берілген болса, биыл жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтегілерге 336 пәтер үлестірілмек. Былтыр шаһарда сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік 20 түрғын үй пайдалануға тапсырылған.

Шынар Оразова