Төлқұжат рәсімдеудің тиімді жолдарын білесіз бе?

835
төлқұжат

Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде төлқұжат (паспорт) жасатуыңыз керек. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шымкент қаласы филиалы еске салады.

Тиісті құжатты алу үшін ХҚО-дағы көші-қон қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз:
–  туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк);
– ҚР азаматының төлқұжаты (паспорт ауыстыратын кезде);
–  жеке куәлiк;
–  iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама;
–  Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi;
–  еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).

Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз:
– туу туралы куәлік;
– ата-анасының бірінің жеке куәлігі.

Сондай-ақ, 8 АЕК мөлшеріндегі баж салығын төлеп, өтініш бергеннен кейін құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қажет жағдайда қосымша ақы төлеп, оның мерзімін жеделдетуге болады.

Айта өтетін ақпарат, бұл төлқұжат – 10 жылға жарамды.

Мөлдір Бекеева