Атышулы зообақ Қазақстаннан кетпеген

212

Шымкенттік жануар қорғаушыларының ашуын туғызған «Тартилла» зообағы Қазақстаннан кетпепті. Қаңтар айының соңында үшінші мегаполис белсенділерінің ұйымдасқан қарсылығынан соң қаладан кеткен, зообақ Түркістанға барған еді. Бірақ, облыс орталығы оларды қабылдаған жоқ.

Алған бетінен қайтпаған ресейліктер ақыры Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан орын тауыпты. Мұнда олар қонақтарды наурыз бойы қабылдайды.

Ауыл аумағына барғанымен, олар бағаны еш өзгеріссіз қалдырған екен. Ересектерге 1500 теңге, балаларға 1000 теңге. Осыған қарамастан аудан тұрғындары «Тартилланы» тамашалауға билет алып жүр. Себебі, сырты бүтін, іші түтін мұндай зообақ алыстағы ағайынға таңсық.

 

Назерке Үкібасова