Бүгінде Шымкент қаласында баспана кезегінде 40 мыңнан астам тұр.
Бұл мәселені шешу мақсатында жергілікті билік арендалық, несиелік тұрғын үйлерді салуды қолға алған. Бұдан блек, «Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тартылған.
Қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Водопьянов көшесіндегі үй биыл тамыз айында тапсырылады. Бес қабатты тұрғын үйдегі 85 пәтердің 40-ы баспана кезегіндегі азаматтарға үлесірілсе, қалғаны былтыр өрттен үйсіз қалған 45 отбасына беріледі.
«Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» биыл Шымкент аумағында 24 тұрғын үй салуды жоспарлауда. «Шымкентсити»-де 13 үйдің, әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты үйдің құрылысы басталса , «Күншығыс» шағынауданында бір көпқабатты үйдің құрылысы биыл аяқталады.
Қарлығаш Мамырғалиева, құрылыс департаментінің директоры:»Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» 2018 жылдан бастап «7-20-25 » мемлекеттік бағдарламасы «Баспана» желісі бойынша 24 тұрғын үй салуды қолға алған. 3 айда ол үйлерді мемлекеттік комиссия қабылдап алады. 14 үй «Тұран» шағынауданында 10 бес қабатты тұрғын үй «Асар» шағынауданында бой көтерген».
Әкімшілік іскерлік орталығындағы мына құрылыс алаңында жер жұмыстары аяқталып, жақында 9 қабатты үйдің іргетасы қаланады. Тағы үш тоғыз қабатты үйде 52 дана бір қабатты 104 2 бөлмелі және 156 3 бөлме жылдың соңында тапсырылса қаладағы баспана кезегінде тұрған 40 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешіледі.
Шынар Оразова