Мырзағали Айтжановтың шәкірті олимпиадаға жолдама алды

194

Иорданияда өткен олимпиадаға іріктеу турнирінде Мырзағали Айтжановтың шәкірті Сәкен Бибосынов жолдама алды. Бокстан Ұлттық құрама бас бапкерінің кенже шәкірті шыбын салмақта сынға түкен болатын.

52 келі салмақта бақ сынаған ол бұған дейін Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген еді. Еске сала кетейік, белгілі бапкер бүгінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлерін шынықтырып жүр.

Сонымен, бокстан Қазақстанның Ұлттық құрамасы іріктеу турнирін 8 медальмен аяқтады. Қоржында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола бар. Осылайша командалық есепте екінші орынға жайғасты. Алтынды Өзбекстан құрамасы қанжығалады.

Назерке Үкібасова