Шыментте 100-ден астам адам карантиннен шығарылды

104

Бүгін Шымкентте коронавирусқа қатысты карантинге жабылғандардың саны үшеуге артты. Қазір Қытай, Оңтүстік Корея, Испания елдерінен келген 72 тұрғын провизорлық госпитальде жатыр. Оның 7-уі балалар дейді ақ халаттылар.

Науқастардың жас ерекшелігі 20-45 жас аралығында. Қауіпті аймақтарда болған азаматтар 2 апта бойына дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір қалада үй жағдайында карантинге жатқызылғандар саны 57-ге жетіп отыр.

Жұқпалы аурулар аруханасының дәрігерлері осыған дейін жалпы 100-ден астам тұрғынның карантиннен шығарылғанын айтады.

Мақпал Рысбаева