Шыменттіктер қайырымдылығына төтенше жағдай да әсер етпейді

164

Шыменттіктер қайырымдылығына төтенше жағдай да әсер етпейді. Бүгін Изуми сауда желісі оңалту орталығындағы балаларға тарту жасады. 2 жылдан бері орталықты қамқорлығына алған кәсіпкерлер бұл жолы да пайдалы сыйлықтармен келген.


«Изуми» сауда желісінің жетекшілері оңалту орталығындағы балаларды бұл жолы наурыз мерекесімен құттықтай келген. Және құр алақан емес. Қолдарында балаларға арналған кілемшелер, спорттық құрылғы және тігін машиналары бар. Пайдалы сыйлықтарды кәсіпкерлер алғаш рет әкеп отырған жоқ.


Айгүл Сапарғалиева, №2 оңалту орталығының бас дәрігері: «Бізге керегі балаларға кардиохирургиялық және неврологиялық балаларды оңалтуға кілемшелер, велосипед және тігін машинасы. Әлемдегі соңғы жағдайларға байланысты маскалар да тігіп жатырмыз».


Изумиліктер қаладағы №2 оңалту орталығын қамқорлығына 2 жыл бұрын алған. Содан бері атаулы мереке сайын балаларды құттықтауды ұмытпайды. Сөздерінше, қайырымдылық сауда желісі тұтынушыларының арқасында.


Зәуре Жүнісова, «Изуми» сауда желісінің жетекшісі: «Қазіргі жағдайға байланысты балаларға күтім қажет. Бұл балалардың ой-өрісін, дамытуын көрсетуге «Изуми» сауда желісі әр жылы осындай қайырымдылық акциясын өткізеді. Балалардың бос уақытында айналысатын керек зат».


«Изуми» сауда желісі төтенше жағдай кезінде де жұмысын тоқтатпайды. Ал, тұтынушыларға наурыз мерекесі қарсаңында жаңа маусымның коллекциясы ұсынылады.

  Назерке Үкібасова