Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар жабылды

578

Коронавирустың таралуына тоқсауыл қою масқатында  елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы әкімінің өкімімен  шаһардың аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар 16 сәуірге дейін жабылды.

Айта кететін жәйт, тыйым салынғаны жөнінде ескерту белгілері мен  таспалар  Абай саябағының Желтоқсан көшесі  жағындағы аумағында  және  Қайрат Рысқұлбеков көшесінің   «Даңқ» мемориалы  аумағында орнатылған. Демалыс орнында жүрген адамдар «білмедік, енді айналып өтетін болдық»,- дейді.

Шынар Оразова