Төлеби ауданындағы мектеп дәретханасына кірген бөгде ер адам ұсталды

165

Төлеби ауданы мектептерінің бірінде бейнебақылау камераларының арқасында мектеп дәретханасына кірген бөгде ер адам ұсталды

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тексеру жүргізуде. Анықталғандай, бұл азамат «орта дәрежелі мас күйінде» екі оқушы қыз болған әжетханаға кірген. Бір минут ішінде полицейлер мен мұғалімдер әрекет етіп, күдіктіні ұстаған. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сараптама тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда.

Сондай-ақ тексеру кезінде, ер азаматтың 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды. Атап өтсек, аталмыш мектепте бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде, аулада, дәретхананың жанында және мектепке кіре берісте орнатылған.