Жаңа фото-бейне жүйелері арқылы 57 миллион теңгеден аса айыппұл салынған

141

Түркістан облысында жаңадан орнатылған фото-бейне жүйелері арқылы 34 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 57 миллион теңгеден аса айыппұл салынған

Түркістан облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде. Әкімшілік айыппұл салу тәртібімен ұйғарымдар шығарылып, оларды төлетуге бағытталған жұмыстар күнделікті атқарылуда.

Түркістан облысы көлемінде 8-дана «Трафиксканер», 1-«Интегра» интелектуалдық қиылыс, 4-дана жылжымалы «Крис-П» 3-дана «Арена» және 1-дана фото радарлы комплекстері 2019 жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс атқаруда.

Бұл бейнекамералардың қызметтеірн жеке-дара айтып өтер болсақ; Түркістан қаласында 4-дана «Трафиксканер» көлік құралдарының басқару жылдамдығын мен жолдың қарама-қарсы бағытына шығу сияқты құқықбұзушылықтарын анықтайды және ол екі бағытты да алып отырады. «Интегра» интелектуалдық қиылыс, көшелер қиылысында бағдаршамның тиым салынған белгісін, тоқтау сызығын басу, қарама-қарсы бағытқа шығу сияқты құқықбұзушылықтарды анықтайды. «Крис-П» және «Арена» құралдары Республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайтын анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады.

Ағымдағы жылдың екі айының қорытындысымен фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 57 412 707 теңге айыппұл салынған, оның 24 357 516 теңгесі өндірілген.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Түркістан қаласында С.Қожанов атындағы көшесінің бойында орналастырылған №15 жалпы орта мектебінің алдында «Скат ПП» атты фото бейне камерасы іске қосылғалы жатыр. Оның атқаратын жұмысы көлік құралының жылдамдығын анықтау, жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу, тиым салынған жерге көлік құралымен тоқтау, жаяу жүргіншілерге арналған тротурамен жүру, қарама-қарсы бағытпен көлікті басқару, артқа қарай жүру сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау болып табылады. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жол-қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болу керектігін ескертеді.