Қала әкімінің орынбасары ақ халаттыларға алғысын білдірді

99
фото inform.kz/kz

 

Қаладағы сақтық шараларымен таныстырған Ербол Әбілхайырұлы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген ақ халаттыларға алғысын білдірді.

Айтуынша, төтенше жағдай жарияланғалы медицина қызметкерлері барлығы 600 мыңнан аса тұрғынға телефон арқылы хабарласып, мәлімет жинақтаған. Оның ішінде 5 500 адам Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар. Оның ішінде 1 600 адам Нұр-Сұлтан қаласынан, 2 600 адам Алматы қаласынан, қалғандары басқа облыстардан келгендер екен.

Десе де кез-келген жағдайға дайын болуға тиіспіз деген штаб басшысы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын дайындалғанын жеткізді. Мұнан бөлек 680 провизорлық орын да әзірленген. Сондай-ақ, 1 447 орындық 5 карантиндік стационар да дайындалыпты.

Мақпал Рысбаева