Қалада тозығы жеткен жылу жүйелері жаңалануда

250
Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі жылу жүйесі жаңалануда

1 -ші сәуірде жылу беру маусымы аяқталысымен Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі жылу жүйесі жаңалануда

Оның барысында Желтоқсан мен Ильяев көшелерінің аралығында Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі тозығы жеткен құбырлар жаңалануда. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі өткен жылдарда сыр берген учаскелердегі жылу жүйелерін кезеңімен алмастыруда. Бұл жолы қалада орамішілік және магистарльді құбырлар жаңаланады.

Пердебай Сәбитов, «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры: «Жылуға тарифте ескірген құбырлар, жүйелер мен құрылғыларды жөндеуге қаржы қарастырылған. Инвестициялық баяғдарлама аясында биылға жоспарланған 108 млн-дай қаражатқа  жылу жүйесіндегі магистралды және орамішілік құбырларды жаңаламақпыз. Қарасу, Шәмші Қалдаяқов көшелеріндегі көпқабатты үйлердің ауласындағы  құбырлар, Жаңашахардағы  және  Республика даңғылындағы  ескірген жылу жүйелері алмастырылады».

Шынар Оразова