41 полицей мен 4 дәрігер банктердің алдында кезекшілік етуде

217

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Тулебаев Абдіманап Қошқарұлының 02.04.2020 жылғы №9 «Шымкент қаласы аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары туралы» Қаулысының 7 тармағын орындау мақсатында қала аумағында орналасқан банктердің алдында кезекте тұрған азаматтардың 1,5-2 метр арақашықтығын қадағалау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы 41 полиция қызметкерлері және Полиция департаменті емханасының 4 дәрігері жұмылдырылған.