Банкоматтардың жанында арнайы арақашықтық белгілері жасалды

345

 

Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн салады. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалады, ол кемінде бір метр болуы тиіс.

Банк бөлімшелерінде маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 4 сәуір Шымкентте бірқатар банктердің бөлімшелері жұмыс істейді. Мұнда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы беріледі.