Úı ANONS Мақтааралдық азамат медицина қызметкерін қорқытқаны үшін қамауға алынды

Мақтааралдық азамат медицина қызметкерін қорқытқаны үшін қамауға алынды

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз азамат медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не «қорқыту» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оған қоса құқықбұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ аудандық соттың қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.