Мақтааралдық азамат медицина қызметкерін қорқытқаны үшін қамауға алынды

144

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз азамат медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не «қорқыту» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оған қоса құқықбұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ аудандық соттың қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

QAINAR KÓZ ТО ПД-нің баспасөз қызметі