Шымкентте жаңа 107 пәтер иесін күтіп тұр

445

Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповтың берген мәліметі бойынша  Шымкентте 40 482 азамат баспана кезегінде  тұр.

Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-1669 азамат, көпбалалы отбасылары -5179, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары — 13 014 азамат, мемлекеттік қызметкерлер- 20595, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған 25 азамат тіркелген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкентте жыл басынан 485 азамат пәтермен қамтылды. 1 пәтер- Ұлы Отан соғысының ардагеріне, 48 пәтер- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 283- көпбалалы отбасына және жаңа пәтерлер халықтың әлеуметтік әлсіз тобына  жататын 153 азаматқа  берілді.

Ғалымжан Төлепов

Ғалымжан Төлепов, қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы: «Қазіргі таңда 107  азамат түрғын үймен қамтылып жатыр. Алайда, ҚР Президентінің 2020 15 наурыздағы №285 «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Қаулысында азаматтардың қозғалуын шектеуге байланысты төтенше жағдай аяқталғанға дейін құжаттарды рәсімдеу және жалдау шартын беру жұмыстары тоқтап тұр».

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, алдағы уақытта қосымша 100 пәтер азаматтарға тапсырылатын болады. Жылдың аяғына дейін, жоспарға сәйкес, Шымкент қаласында жалпы -3284 пәтер пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде 450 арендалық пәтер-көпбалалы отбасыларға үлестіріледі. 394 жалдамалы пәтер әлеуметтік жағынан әлсіз топтар тізімде тіркелген азаматтарға. 300 жалдамалы  пәтер жұмыс істейтін жастарға және 2836  кредиттік пәтер  беріледі.

Шынар Оразова