Түлкібас ауданында үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді

589

Түркістан облысы Түлкібас ауданында сәуір айының соңында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып қойған.

Бұл жерде әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылеалы отыр. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылса, Г. Титов жалпы орта мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылмақ. Аталған мектемтердегі күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін болады.

Айта кетерлігі, «Жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрағалы отыр. Бұл еліміздегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына айтарлықтай қолғабыс болмақ.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі