Төтенше жағдай кезінде түрмедегілер туннель жасаған

156

Шымкент түрмесінде жазасын өтеп жатқандар залалсыздандыру туннелін жасап шығарды. Осылайша олар мекемеге келіп-кететін жандардан инфекция жұқтыру қауіпін сейілтпек.

Антисептик киім мен адамның шашына себіледі. Ал, одан мекемеге келіп кеткен мамандардың барлығы өтуі міндет. Айта кетейік, дәл осындай құрылғыны өрт сөндіру қызметкерлері де жасаған болатын.

Шымкенттегі №31 тәртіп түзеу мекемесінің қызметкерлері енді жұмысқа келіп-кеткен сайын осы туннельден өтеді. Себебі сырттан келген олардың іштегі жазасын өтеушілерге инфекция жұқтыруы мүмкін. Осыдан қауіптенген темір тордағылар залалсыздандыру құралын жасап шығарыпты.

Түрмедегі жазасын өтеушілер бұған дейін көпреттік бетперде тігіп індеттің алдын алуға үлесін қосқан еді. Енді міне инфекциядан қорғанудың жаңа тәсілін жүзеге асырды. Әзірге бір құрылғы ғана дайын. Тапсырыс келсе, жазасын өтеушілер бастаманы кәсіпке айналдырмақ.

Назерке Үкібасова