Зейнетақы және жәрдемақы үшін өсім мамыр айында төленеді

874

2020 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы және жәрдемақы мөлшері арттырылғаны белгілі.

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қайта есептеу жүргізілді. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған жасына байланысты төленетін зейнетақы көлемі тағайындалған зейнетақы көлемінен 5 пайызын арттыруға жатады. Мәселен, ұлғайғанға дейінгі зейнетақы мөлшері – 61 953 теңгені құраса, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап – 65 051 теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңгеден 41 441 теңгеге дейін арттырылды. Алғашқы зейнетақы жоспарына 2020 жылғы 1 сәуірден кейін жүгінген азаматтар үшін ең жоғары кіріс мөлшері (жалақы) 46 айлық есептік көрсеткіштен, яғни, 127 788 теңгеден аспауы керек. Мысалы, нақты кіріс 145 000 теңгеден асатын болса, онда зейнетақы есептеу үшін -127 788 теңге кіріс көзі ретінде есептелетін болады.
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 778 теңге,
Ең төменгі күнкөріс деңгейі-32 668 теңге.
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-17 641 теңгені құрайды.
Ең төменгі зейнетақы (2018 жылы тағайындалатын) – 40 441 теңге.
Ең төменгі жалақы-42500 теңгені құрайды.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға арналған мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (№№ 1,2 тізім), балалар жәрдемақыларын (бір жасқа дейінгі біржолғы және бала күтімі бойынша), сондай-ақ көп балалы отбасыларға және ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) жәрдемақыларды арттыру айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруін ескере отырып арттырылған.
Соғыс ардагерлеріне жәрдемақы
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы- 44 448 теңгені (16 АЕК) құрайды.
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға-20 894 теңге (7,55 АЕК).
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға-17 196 теңге (6,19 АЕК).

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 12 752 теңге (4,48 АЕК).
Соғыстан кейінгі уақытта қайтыс болған және тұрмыс кезінде мүгедек деп танылған соғыс мүгедектері мен қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 7 112 теңге (2,56 АЕК).

Тыл ардагерлеріне арналған жәрдемақы – 5 918 теңге (2,13 АЕК).
Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне ай сайын -385 515 теңге (138,63 АЕК) төленеді.

«Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғаларға ай сайынғы жәрдемақының мөлшері құрайды-138,63 АЕК -385 515 теңгені құрайды.
Соғыс қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек батырларына-207 378 теңге (74,65 АЕК).

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына-2 973 теңге (1,07 АЕК).
Дербес зейнеткерлерге (Республикаға сіңірген еңбегі үшін) -2 973 теңге (1,07 АЕК)
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы келесідей көбейеді:

«жалпы ауруы» бойынша мүгедектерге:
I топ – 62 723 теңге (1,92 ЕТКД),
ІІ топ – 49 983 теңге (1,53 ЕТКД),
III топ – 33 975 теңге (1,04 ЕТКД),
16 жастан бастап бала кезінен мүгедектерге:
I топ – 62 723 теңге (1,92 ЕТКД),
ІІ топ – 51 943 теңге (1,59 ЕТКД),
III топ – 39 202 теңге (1,20 ЕТКД),
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 45 736 теңге (1,40 ЕТКД).
Ерекше жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарға арналған жәрдемақы
№ 1 тізім бойынша арналған жәрдемақы алушыларға (еңбек жағдайлары ерекше зиянды кәсіпорындарда жұмыс істеген адамдарға) 9,42 АЕК, яғни, 26 169 теңгеге дейін арттырылады.
№ 2 тізім бойынша жәрдемақы алушылар үшін-23 280 теңгеге дейін (8,38 АЕК).
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылар
Ата-анасының біреуі болмаған жағдайда балаларға немесе еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне ай сайын төленетін болады:
– бір адамға-28 095 теңге (0,86 ЕТКД),
– екі адамға-48 676 теңге (1,49 ЕТКД ),
– үш адамға – 60 436 теңге (1,85 ЕТКД),
– төрт адамға – 64 030 теңгеге (1,96 ЕТКД),
– бес адамға – 66 317 теңге (2,03 ЕТКД),
– алты және одан да көп – 68 930 теңге (2,11 ЕТКД ).
Толықтай жетім балалар әрқайсысына -38 572 теңгеден (1,18 ЕТКД) алады.

Балаға берілетін жәрдемақы

Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы көлемі:
– бірінші, екінші және үшінші балаға – ден 105 564 теңгеге (38,0 АЕК),
– төртінші және кейінгі балалар үшін- 175 014 теңге (63,0 АЕК).
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы көлемі:
– бірінші балаға – 16 002 теңге (5,76 АЕК),
– екінші балаға– 18 919 теңге (6,81 АЕК),
– үшінші балаға– 21 808 теңге (7,85 АЕК),
– төртінші және одан кейінгі балаға- 24 725 теңгені (8,9 АЕК) құрайды.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматқа- 45 736 теңге (1,4 ЕТКД).
Бала кезінен I топтағы мүгедек бала күтіміне төленетін жәрдемақы- 45 736 теңгені (1,4 ЕТКД) құрайды.
Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы
«Алтын алқа» (жеті және одан да көп бала) және «Күміс алқа» (алты бала) алған көп балалы аналар үшін ай сайынғы жәрдемақы көлемі 17 780 теңгеге (6,4 АЕК) дейін өседі.

Жерлеуге арналған жәрдемақы
Жерлеуге арналған жәрдемақы – 43 615 теңгені (15,7 АЕК) құрайды.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын жерлеуге арналған жәрдемақы – 101 675 теңге (36,6 АЕК) құрайды.

2020 жылғы жаңа 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттері бар көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы түрі енгізілді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, отбасындағы балалардың санына байланысты республикалық бюджет қаражатынан сараланған мөлшерде тағайындалатын болады:
4 баласы бар отбасыларға -44 532 теңге(16,03 АЕК);
5 баласы бар отбасыларға – 55 672 теңге(20,04 АЕК);
6 баласы бар отбасыларға -66 811 теңге(24,05 АЕК);
7-ші және одан да көп балаға – 77 951 теңге(28,06 АЕК) жәрдемақы тағайындалады.
.