Жетісайлық кәсіпкер 4 тонна қырыққабатты қайырымдылыққа жұмсады

192

 

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің жеке кәсіпкері ЖК «Атамекен – Агро»-ның басшысы Шынболат Қындыбайұлы және әжелер алқасының төрайымы Айжамал Ермаханқызы Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 тонна қырыққабат және 300 дана бетперделер қайырымдылық ретінде тегін берілді.

Қырыққабат және бетперделер ауданымыздағы Жетісай қаласында тұратын 52 жалғызбасты қарттарға, 19 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна қырыққабаттар және Асықата кентіндегі 46 жалғызбасты қарттармен 42 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна қырыққабаттар берілетін болады.
«Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың кәсіпкерлеріне әжелеріне шынайы ризашылықтарымызды білдіреміз» дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

 

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі