Әл Фараби ауданы аумағында көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік таратылды

201

 

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе
150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.

Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!