Мешіттерде намазды маскамен оқу міндеттеледі

526

Шымкент қаласындағы мешіттер қайта ашылуға дайын. Тек намаз әзірге жамағат болып оқылмайды. Бір сәтте 15 адамнан қабылдаймыз деген дін өкілдері құлшылық қылам деушілерді кезекпен кіргізеді екен.

Мешітке кіріп-шығу да бұрынғыдай болмайды. Мұсылмандар бір есіктен кіріп, басқа есіктен шығуы керек. Қатерлі індеттен сақтық шаралары мұнымен бітпейді. Карантин кезінде бес парыздың бірін жұрт мешітте бетперде киіп оқиды. Еске сала кетейік, күні кеше 18 мамырдан бастап іске қосылатын нысандар тізіміне мешіттер де кірген еді.

Мұхаметжан Естеміров, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары: «Барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Алдымен құран оқытуға келетіндерді және неке қиятындарды қабылдаймыз. Одан кейін намаз оқуға рұқсат беріледі. Бірақ, жамағат болып емес. Кезекпен».

Назерке Үкібасова