Шымкентте қызғалдақтардың тұқымын жинап жатыр

299

Коммуналшылар гүлдеп біткен қызғалдақтардың тұқымын қазып алып, жинауда. Жұмысқа «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 20 жұмысшысы жұмылдырылған. Қаланың негізгі көшелеріндегі қызғалдақтардың баданасы қазып алынғаннан кейін, сақталып қараша айында қайта жерге отырғызылады.

Мекемеде жұмыс істегеніне 6 жыл болған Жүрсін Ұятбаева «келер жылы ерте көктемде ұрықтан өніп шыққан әсем қызғалдақтар қаланың көркін ашады. Жұмысымды мақтан етемін. Еңбегімнің арқасында жемісін көріп жатырмын»,-дейді.Естеріңізге сала кетейік,  биыл көктемде  1 млн-нан астам дана  қызғалдақ Шымкенттің көркіне көрік қосқан еді.

Шынар Оразова