Шымкентте 38, Отырар ауданында 40 градус ыстық болады

288

27-28 мамырда Шымкентте жауын болмайды.

Күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа дейін ысиды, түнде сынап бағанасы  24-26 градус жылылықты көрсетеді.

Түркістан облысы бойынша Отырар ауданы мен Арыста ауа температурасы 40 градусқа дейін ысиды.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының  инженер -синоптигі Арайлым Тұрғынованың мәліметіне жүгінсек,  Төлеби ауданындағы Тасарық, Шуылдақ елдімекендерінде өңіріміз бойынша салқын ауа райы сақталады, ауа температурасы  аталған ауылдарда  күндіз 23-25 градус жылылықты көрсетсе, түнде сынап бағанасы  +13 +15 градус.

Шынар Оразова