Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды

151

«Айналасы 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Осылай деген Өмірзақ Естайұлы арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан бас-аяғы 260 тұрғын үйдің аулаларына су кірген дейді.

Әлі 27 үйдің құлау қаупі бар екен. Осынау жағдайға байланыста Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды.

Су тасқыны зардабын жоюға 612 маман мен 84 техника 47 мотопомп жұмылдырылып отыр. «Тез-тез әрекет жасап орнына келтіреміз». Су астында қалған Төлеби ауданына барған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесіп, осылай басу айтты.

Аймақ басшысы штабтың жұмысымен танысып, су басқан елдімекендердің жағдайын көзбен көрді. Ауданның ақуалымен танысқан аймақ басшысы жауаптыларға ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтуды тапсырды.

Барлық ауданның көмекке келіп жатқанын жеткізген өңір басшысы тасқынмен күресуде Мақтаарал ауданында қолданылған әдіс тиімді болады дейді.

Мақпал Рысбаева