Қ.А.Ясауи кесенесі қашан ашылады?

245

15 маусымнан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ашылады. Карантин шектеулерінің ұзаруына байланысты нысан жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

Енді қала қонақтары қасиетті орынға келіп, зиярат ете алады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауы парақшасында аймақ басмшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Айтуынша, туристер үшін кесене Рухани орталық ретінде қайта жаңғырмақ. Өңір басшысы келушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұранады. Ал кесене өкілдері нысанның жұмысына қатысты әзірге нақты ештеңе айта алмай отыр. Өңірдегі эпидемиялогиялық ақуалға қарай жұмысқа кірісетіндерін айтады.

Мақпал Рысбаева