Қазақстанға темекінің ірі партиясын заңсыз кіргізуге жол берілмеді

164

Қазақстан шекарашылары «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізуді болдырмады.

Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін темекіні «СDEK» почталық компаниясы жүгінің астына жасырған.

Темекіге құжаттар мен акциз маркалары болмады.
Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Осы өткізу пунктінде акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.

 

QAINAR KÓZҚР ҰҚК баспасөз қызметі