Úı ANONS Қоғамдық көліктер белгіленген уақытта ғана жүретін болады

Қоғамдық көліктер белгіленген уақытта ғана жүретін болады

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 20 маусымнан бастап барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жұмыс күндері таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта жүреді. Ал демалыс күндері қоғамдық көлік қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктегі маска тағу режимін бақылау мақсатында жолаушылар автобустарға алдыңғы есікпен ғана кіргізіліп, артқы есікпен түсіріледі.