Карантин шектеулерін ескермегендер жұмысын тоқтатады

164

«Енді ескертпейміз, жабамыз». Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов карантин шектеулерін бұзған кәсіпкерлердің заң алдында жауап беретінін жеткізді.

Шенеуніктер мен санитар дәрігерлерден құралған мобильді топ күн сайын төтенше жағдайдан кейін қайта іске қосылған нысандарды аралап, санитарлық ақуалды тексеріп отырады. Рейд кезінде аудандағы қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерге, моншаларға барып, бірқатар бұзушылықтарға көз жеткізген. Қарапайым ғана ережелерді сақтамаған бизнес өкілдеріне жауаптылар жұмсақтық жасап келдік дейді.

Ғабит Мәуленқұлов, Әл Фараби ауданының әкімі: «Қашанғы ескерте береміз, бұдан былай карантин шектеулерін сақтамаған кәсіпкерлік нысандар жабылатын болады. Бірнеше рет ескерту алса да кемшіліктерді ретке келтіргісі келмейтіндер бар».

Мақпал Рысбаева