Шымкент аспанында тікұшақтан белгісіз ұнтақ шашқаны рас па?

177

Ел арасында қызу талқыға түскен бұл тақырыпқа бүгін қала әкімінің өзі нүкте қойды. Мұрат Әйтенов тікұшақтың Шымкент аспанында ұнтақ шашқанын жалған деп жариялады.

Тікұшақ жалдаудың қыруар қаржыны талап ететінін айтқан ол мұндай жағдайдың орын алмағынын жеткізді. Және бұл сөздерді қаңқу өсекке балады. Елді жел сөзге ермеуге шақырған қала басшысы қазіргі таңда денсаулыққа аса мән беру керектігін ескертті.

«Құрметті қала тұрғындары! Республикалық деңгейде Шымкент қаласы бойынша түрлі жаңалықтар жүріп жатыр. Яғни, Қазнетте Шымкент қаласында «науқастар аурухана қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр және науқастарға орын жоқ» деген секілді ақпараттар тарауда. Осы жөнінде арнайы түсіндірме берсем, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалы ауруханаларда 350, жаңа салынған госпитальда 200 және Атамекен провизорлы стационарда 100 орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханалар ауруханасында 321 науқас жатыр, госпитальда 172 және Атамекен провизорлы стационарда 42 науқас емделуде.

Назерке Үкібасова