Шымкентте төбелестен бір адам қайтыс болды

197

Шымкентте орын алған төбелес кісі өліміне әкеп соқты. Оқиға қаладағы Республика даңғылы мен Т. Айбергенов көшесінің қиылысындағы кафеге жақын маңайда орын алған.

Ерегіске 5 адамның қатысқаны белгілі болып отыр. Нәтижесінде жедел жәрдем шақыруға келгенде бір ер адам қайтыс болған. 35 жастағы тұрғын медицина қызметкерлері келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Осы оқиғаға қатысты арна тілшілері қалалық полиция департаменті өкілдеріне сұраным хат жолдаған болатын. Тәртіп сақшылары әзірге бұл туралы жақ ашпай отыр.

Әйгерім Тілеубергенова, жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары: «15 маусым күні сағат 15:00 шамасында жедел жәрдем стансасына хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызмкеткерлері азиат нәсілдес жасы шамамен 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын анықтаған. Шүғыл  түрде полицейлер шақырылды».

Мақпал Рысбаева