ҰБТ тапсыруға өтініш берген 95 түлек тестке келмеген

240

Шымкентте ҰБТ тапсыруға өтініш берген 95 түлек тестке келмеген. Олардың бірі денсаулығына байланысты білімін сынай алмаса, тағы бірі өз еркімен бас тартқан.

Тағы 124 түлек тыйым салған затты алып өтпек болғаны үшін тестілеуге кіргізілмеген. Одан бөлек 40 талапкер оны пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылған. Осылайша, 5 күннің ішінде өтініш берген қаладағы 269 талапкер ҰБТ тапсырмағаны белгілі болды.

 Назерке Үкібасова