Мүгедектігін растау үшін келген азаматтар бүгін де сала мамандарынан мардымды жауап ала алмай халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменіне кіре алмай әлек.
Екінші топ мүгедегі Сағадат Орынбаева онлайнмен жіберілген құжаты бойынша комиссия қандай шешім қабылданғанын білмей дал. 2-ші топ мүгедегі Ділмұрат Атамұратов мүгедектігін арстайтын құжаттарын тапсыра алмағына наразы.
Ділмұрат Атамұратов, 2 топ мүгедегі: «Біреуі шығып түсіндірсе болады ғой, қашан келу керектігін. Онлайн тапсырсын дейді, құжатты біреулер тапсырып береміз 200 мың теңге сұрап жатыр. Алатынымыз 30- 40 мың теңге оны қалай береміз».
Департтаменттегі мамандар «қазір карантин режимі енгізіліп, азаматтарды қабылдауға рұқсат жоқ. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіністік танытып, құжаттарын интернет арқылы жібреуілерін өтінеді. Қалада эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрғанда үйде отырғандарыңыз абзал»,- дейді олар.
Шынар Оразова