Дәріні қымбаттатқан кәсіпкерлердің лицензиясы тоқтатылады

185

Дәрілерді шекті бағадан қымбаттатқан дәріханалардың лицензиясы тоқтатылады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ақуалды пайдаланып, кірісін көбейткісі келетіндерге жауапкершілік барын тағы да қатаң ескертті.

Министрдің айтуынша, қымбатшылыққа жол берген кәсіпкерге алдымен ескерту жасалады. Ал оны елемеген фармацевтика өкілдері айыппұлға тартылады. Егер бұл заң бұзушылық қайталанса, жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі: «Дәріхананың лицензиясын тоқтатуға дейінгі шараны қабылдаймыз. Сонымен бірге, дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқаны үшін де жауапкершілік барын ескертеміз. Интернет арқылы рецептсіз сату жағдайлары тіркелді. Мұндай жағдайлар заңмен қадағаланады».

Мақпал Рысбаева