Несиелік амнистияға өтініштер қабылдау: жалған ақпарат

667

 

Бүгінде халық арасында әлеуметтік желілердегi несиелік амнистияға өтініштерді қабылдау туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Несиені өтеп беруді жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер жеткіліксіз.
Осыған байланысты, азаматтардан алаяқтық жолмен табыс табуға бағытталып таратылған жалған ақпараттарға алданбауға, тек ресми ақпарат көздері арқылы таратылған мәлімдемелерге сенуiн сұраймыз.

Жалған ақпарат таратқан азаматтпрдың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.