Қазақстанның денсаулық саласы немен «ауырады»?

187

Қазақстан коронавирус індетіне шалдыққандар саны бойынша күн сайын кезекті рет көш бастауда.

Қаншама азаматтардың ауруханаларда, үйлерінде, жедел жәрдем көлігінде көз жұмуда. Алайда бұл туралы нақты статистиканы ешкім де дөп басып айта алмайды. Біз де пандемияның неліктен ауырға соғып жатқанын анықтап көруге тырыстық…

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау минситрілігің бұрынғы жетекшісінің қателіктері жайлы мәлімдеме жасады. «СК Фармация» мен медициналық сақтандыру қоры аталған ведомство қарамағында.

СК «Фармация» кімге қарсы жұмыс жасайды?

Қазақстандықтар елімізді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуі тиіс бұл мекемені таратуды талап етуде. Дәріханалардағы препараттардың тапшылығы, қарапайым ғана стационарларға оттегі баллондарын жеткізу бойынша өтініш толассыз түсіп жатқанда, бұл компанияның қызметі көмек емес, қастандық жасау ма деп қаласың. Бұл «СК Фармацияның» дауға қалған жалғыз оқиғасы емес.

ВИЧ-позитивті балалар үшін «дженериктер»

СК «Фармация» басшылығы — еліміздің бюджетіне жаппай 50 млрд. теңге үнемдегені жайлы есеп берді. Кейін анықталғаны, үнемдеу шаралары ВИЧ індетін жұқтыру құрбандары — шымкенттік балаларға зиянын тигізген. СК Фармация балаларға қымбат препараттардың орнына тізімде кері жанамасы бар арзан аналогтарын сатып алған. Балалары үшін күресуден тайынбаған ата-аналардың қайсарлығының арқасында кейін дәрі-дәрмектер алмастырылды.

Диабет ауруына шалдыққандарға — арзан дәрілер

2012 жылы СК Фармацияның жаңа басшылығы қант диабетімен ауыратындарға бөлінетін қаржыны үнемдеуді шешеді. Олар үшін арзан аналогтарын сатып алған. Ал бірегей дистрибьютор кейін үнемдеу жөнінде есеп берді.

Қымбат болғаны үшін алу керек болды ма?

2013 жылдың қазаны»Ақ жол» партиясының мүшесі Меруерт Қазбекованың мәлімдемесі бойынша денсаулық сақтау министрлігі бірегей дистрибьютор ретінде көрші елдердегі әріптестерге қарағанда кейбір препараттарды 3-5 есе қымбатқа сатып алған. Мысалы, Өзбекстан мен Қырғыстан гепаталогиялық зерттеулер үшін препараттарды Қазақстанға қарағанда екі есе арзан сатып алған.

Фармация мафия ма?

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев СК Фармацияның қызметін қатаң сынға алған болатын.

Кім не айтса да дистрибьютор сол баяғы әрекетін қоймады. СК «Фармация» жылдың басында қаңтарда Ковид -19-бен күреске қажетті препараттарды сатып алып қорын жасау керек еді. Алайда іс жүзінде сатып алу тендерлері мерзімінде өткізілмей, уақыты үнемі кейінге шегерілді.

Алайда басқа тендерлер уақытында өткізілген. Мәселен, жүргізушісі бар қымбат көліктерді жалға алуға 8 млн. теңге, ғимараттарды жалдауға 187 млн. теңге. Салдарынан бюджетке ірі көлемде шығын келтірілген.

«Азаттық рухы» порталының ақпаратына сүйенсек, шенеуніктердің ең сүйікті шығындар тармағына тоқталсақ, СК «Фармация» блогерлер мен БАҚ-тағы жарнама үшін 47 млн. теңге жұмсауды жоспарлаған екен. Алайда конкурс өтпеді.

2020 жылдың шілдесінде қазақстандықтар СК Фармацияны Қазақстанға шетелден жеткізілген гуманитарлық көмекті дәріханалар желісі арқылы сатқан деп кінә тағуда. Бастапқыда Катардан жеткізілген жүк, кейін АҚШ-тан. СК Фармация бірінші және екінші оқиғаға да еш қатысымыз жоқ деп ала тонын ала қашып отыр. Алайда мамыр айында түскен гуманитарлық көмек қоймаларда жатқанын абайсыздан айтып қойды.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 9-шы мамырдағы кешкі уақыттағы дерек бойынша Қазақстанда індет жұқтырған 29 оқиға анықталған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері елімізде 4 мың 578 адам кронавирусқа шалдыққан. Ал 9-ші шілдедегі жағдай бойынша, бір тәулікте еліміз бойынша 1962 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда Қазақстанда тәжівирусына шалдыққандар саны 53 021 адамға жетті.

Шынар Оразова