Түркістан облысында дәрілер екі есе қымбат бағаға сатылып келген

297

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандар ұсталды.

Дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері Түркістан облысында да тіркелді. Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген рейд кезінде 5 дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сату жәйттері анықталған. Сондай-ақ, қалалық дәріханалардың бірінің фармацевті Cef-3 дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып жатқан жерінен ұсталыпты. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 000 теңгеге саудалаған. Ал, бір қораптың негізгі құны 1300 теңгеден екен.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаш тұрғынының медициналық маскаларды заңсыз саудалағанын әшкереледі. Тұрғынның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары тағы 4950 дана медициналық масканы тәркіледі.

Сол күні Арыс ауданында полиция қызметкерлері бөлшек саудада 300 теңге тұратын «аскорбин қышқылын» Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінен 700 теңгеден сатылғанын да анықтаған.Полиция департаменті қазіргі уақытта барлық анықталған фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы шаралар қабылданатын хабарлады.

Мөлдір Бекеева